ҚҚДИ Басқарма төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Жаңа қызметкерді ҚҚДИ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев таныстырды

ҚҚДИ Басқарма төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

«Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып Артур Нығметов тағайындалды. Жаңа қызметкерді ҚҚДИ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев таныстырды.

Артур Нығметов 2007 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді, бір жылдан кейін Мәскеу саяси зерттеулер мектебін аяқтады. Шведтік SIPU International мемлекеттік және муниципалдық басқару институтында тағылымдамадан өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, медиакорпорацияларда, «ми орталықтарында» жұмыс тәжірибесі бар.

Әр жылдары «Медиалық технологиялар орталығы» жеке қорының директоры, Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы, Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

«Үздік публицист» номинациясы бойынша жыл сайынғы «Халық сүйіктісі» қоғамдық сыйлығының лауреаты, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.