$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.01.2020, 10:09
Қоғам

Көкшетауда 90 отбасы бір сәтте баспанасыз қалды

Апатты деп танылған үй тұрғындары жалдамалы пәтерде тұруға мәжбүр

Көкшетауда 90 отбасы бір сәтте баспанасыз қалды

Көкшетаудағы Вернадский көшесінде орналасқан көппәтерлі үй енді ресми түрде апатты деп танылды. Алайда, ол үйде тұратын Ондағы 90 отбасы бір мезетте баспанасыз қалды, деп жазады «Көкшетау Азия».

Бұл үйдің апатты екені туралы тұрғындар тарапынан да, әкімдік тарапынан да көптен бері айтылып жүрген еді. Дегенмен, қала әкімінің орынбасары Сағындық Шабаров пен ТКШ басшысы С.Шабаров қатысқан жиында үйге соңғы рет сараптама жасатып, оны апатты деп тану туралы шешім қабылданған болатын.

Осы аптада өткен жиын барысында сараптама нәтижесі жарияланып, үй апатты жағдайда тұр деп расталды. Әкім орынбасары С.Шабаров алдағы уақытта тұрғындарды қоныстандыру үшін ауданда көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталатынын айтты.

Алайда, әкімдік өкілдері үй апатты деп танылған сәттен бастап, тұрғындар жоспарланған үйдің салынуын күтіп отырмастан, дереу басқа жаққа көшу керек екенін жеткізді. Сондай-ақ, шенеуніктер жаңа пәтерлер салынған күннің өзінде, олар тұрғындарға тегін емес, жалға алу арқылы беріледі деді.

Бір сәтте барынан айрылған тұрғындар өз наразылықтарын білдірді. Себебі, бұған дейін ескі болса да өз баспанасында тұрып келген олар енді тек жалдамалы пәтерде тұруға мәжбүр болмақ.

Мемлекет заңға сәйкес тек жалдамалы баспана ғана беретіні айтылғанымен, жиналған тұрғындар бұл уәжге наразы екенін айтты.

«90 пәтердің тұрғындары бір сәтте жалада қалғалы отыр. Бізге жалдамалы емес, жеке баспана беруге дайын болмаса, онда мемлекеттен бізге не пайда?», - дейді ашынған тұрғындар.

«Халықтың мүддесі қорғалмайтын заңды қайта қарастырған жөн шығар. Осы уақытқа дейін әкімдікке үміт артып келген едік. Олар бәрін заңға сілтеп отыр», – дейді тағы бір ашуға булыққан тұрғын.

Тұрғындар ушыққан мәселені шешу үшін бұл іске облыс әкімі мен депутаттардың араласуын талап етті.

Серіктес жаңалықтары