«Қылмыскерлерді ұстауға қатысқан»: Алматыда полиция полковнигі қайтыс болды

Azattyq Rýhy

Бұған дейін ол Алматы қаласы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы болған

«Қылмыскерлерді ұстауға қатысқан»: Алматыда полиция полковнигі қайтыс болды
Фотолардың авторы Әсет Құндақбаев

Алматыда полиция департаментінің лауазымды шенеунігі қайтыс боды. Ол қаланы лаңкестерден қорғау кезінде алдыңғы шепте жүрген. Қаладағы ауыр ахуалдан полоквник инфаркт алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Түрксіб ауданы Полиция басқармасы басшысының орынбасары Таңат Назанов жұмыс орнында бүгін қайтыс болған. Ол қазіргі қызметіне дейін Алматы қаласы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы болған. 53 жасына қараған шағында қайтыс болған полковник ғұмырын құқық қорғау саласына арнап, қоғамдық тәртіпті орнату жолында жүздеген қылмыскердің жолын кесіпті.

«Түрксіб ауданы Полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Таңат Назанов жұмыс орнында қайтыс болды. Алдын ала ақпарат бойынша оның жүрегі тоқтап қалған. Тәртіпсіздік кезінде жеке құраммен күшейтілген режимде жұмыс істеп, аудандық полиция басқармасын күзетті. Республика алаңын бүлікшілер тас-талқан қылып жатқанда Назанов оларды ұстауға, тәртіпсіздіктің алдын алу оқиғаларына қатысты. Бірнеше тәулік ауыр жағдайда жұмыс істеуі оның инфарк алуына әсер етті», - деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.