Қарақат Әбілдина емханаға жарнама жасаған жоқ – департамент
Нұр-Сұлтанда тісін емдетбек болған екі жарым жасар бала ес-түссіз жатыр

Аzattyq-ruhy-ы жолдаған ресми сауалдан кейін, Қарақат Әбілдинаның инстаграмдағы әлеуметтік желісін тексерген Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті әншінің постынан рекламаның нышандарын таппаған.
«Қарақат Әбілдинаның посттарын қарап шықтық. Инстаграмм әлеуметтік желісінде әншінің 2019 жылдың 24 қазанындағы постын оқыдым. Тіс емдеу клиникасына қатысты жазылған посты ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің» 18 бабына қарсы келмейтінін және инстаграмм желісінде хабарланған мәлімет әншінің жеке пікірі ғана екенін анықтадық. Әнші «ия, клиникаға бардым, клиникада ем алдық, бәрі дұрыс болды» деп тұр. Бірақ, реклама жоқ, бұл әншінің жеке пікірі», - дейді департамент басшысының міндетін атқарушы Сарқыт Бейсенова.
Еске салайық, Қарақат жиі жарнамалаған тіс емханасына жүгінген бүлдіршін 26 желтоқсаннан бері комада жатыр.