$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2021, 16:41
Қоғам

ШҚО-да оқушыларға вакцина алмағаны үшін дауыс көтерген мектеп директоры қатаң сөгіс алды

Министрлік бұл жағдайға байланысты тексеру жүргізді

ШҚО-да оқушыларға вакцина алмағаны үшін дауыс көтерген мектеп директоры қатаң сөгіс алды
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында мектеп директоры вакцина алғысы келмеген оқушыларға айғайлап, ұрысқаны үшін қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Zakon.kz

Әлеуметтік желіде вакцина алмағаны үшін оқушыларды жерден алып, жерге салған Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің директорының аудиожазбасы тарады.

Аудиожазбадан: «51 мектептің 49-ы вакциналаудан өтті. Неден қорқасыздар? Неге вакцинаға бармайсыздар? Мұнда кел, сенің атың кім? Неге вакцина алмағансың?» деген директордың айғайын анық естуге болады.

Білім және ғылым министрлігі бұл аудиожазбаға қатысты тексеру жүргізілгенін хабарлады. Ұрысқан күннің ертеңінде директор оқушылардан кешірім сұрағаны белгілі болды.

Бірақ ол педагогикалық этиканы бұзды, сондықтан ШҚО әкімдігінің білім басқармасы директорға қатаң сөгіс жариялады.

 

 

Серіктес жаңалықтары