Қуандық Бишімбаев ақшасын «жеп кеткен» шыны зауыты наурызда ашылатын болды

Azattyq Rýhy

Тергеу Бишімбаевтың 1 млрд теңгені қалтасына басқанын анықтаған

Ratel.kz

Қызылорда облысындағы шыны зауыты 2022 жылдың наурызында пайдалануға беріледі. Бұл туралы Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Сенатор шыны зауытына қатысты мәліметті әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазған. Оның айтуынша, зауыттың пеші іске қосылған, ал кәсіпорнынның өзі 2022 жылдың көктемінде толық іске қосылады.

«Соңғы он төрт жыл бойы жыр болып келе жатқан Қызылордадағы шыны заводының пешін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова жақты. Алла қаласы наурыз айының аяғында завод толық іске қосылады», - деп жазған сенатор өзінің Facebook-парақшасында

Сенатор айтпақшы, құрылысы жыр болған шыны зауыты үшін бірнеше ірі сотталып кетті. Оның ішінде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бар. Зауыттың құрылысына бөлінген қаражатты Бишімбаев арнайы схема арқылы жымқырғаны хабарланған еді.

Қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мәліметінше, Қуандық Бишімбаев 1 млрд теңгені қалтасына басқан.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қуандық Бишімбаев Қызылордадағы жалпақ шыны шығарып, өңдейтін зауыттың құрылысы кезінде мекемеге қарасты «Orda Glass» ЖШС компаниясымен және оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы қылмыс схемасын ұйымдастырған. Сондай-ақ, бұл іске ұйымның басшылары Д.Ибрашев, Ж.Исабек, И.Қожамбаев та тартылған», – деп жазылған Антикор таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, сот Бишімбаевты 2018 жылдың наруыз айында 10 жылға қамауға үкім шығарған болатын. Алайда, 2019 жылдың қазан айында ол шартты жазамен бостандыққа шықты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.