$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.12.2021, 16:26
Қоғам

Nur Otan жыл басынан бері 31 мың қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгінде өтініштердің 98%-і шешіліп, консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілген

Nur Otan жыл басынан бері 31 мың қоғамдық қабылдау өткізді

Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 160 мыңға жуық қазақстандық жүгінді. Депутаттар мен мемлекеттік органдардың басшылары 31 мыңнан астам қоғамдық қабылдау өткізді деп хабарлайды партияның ресми сайты.

Талдау көрсеткіші бойынша, өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тағы сол сияқты мәселелерге байланысты. Бүгінде өтініштердің 98%-і шешіліп, консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілген. Ал 2%-і орындалуда.

Мәселен, Қарағанды қаласындағы партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне Бобруйская көшесінің тұрғындары үйлеріне орталық жылуды қосуды және ыстық сумен қамтамасыз етуді сұрап хабарласқан еді. Нұротандықтардың араласуынан кейін бұл мәселе оң шешімін тауып, тиісті жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Алматыда Түрксіб ауданының қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындар аудандағы бірнеше жолға асфальт төсеп беруді сұрап өтініш білдірді. Нәтижесінде Айтықов көшесінде ұзындығы 1.3 км, Сокольский көшесінде 1.4 км және Свободная көшесінде 900 метр жерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шымкентте қала тұрғыны Кеңес Сейтаев партияға Қ.Молдабекұлы көшесіндегі көпірдің апатты жағдайда тұрғанын айтып, шағымданды. «Nur Otan»-ның Еңбекші аудандық филиалы бұл мәселеге жедел жауап беріп, нәтижесінде мәселе оң шешімін тапты.

Өз кезегінде Ақмола облысында Біржан сал ауданының депутаттары Степняк қаласының Абылайхан шағын ауданын абаттандыру мәселесін шешті. Мұнда кіреберіс жолдар мен балалар ойын алаңдары, сондай-ақ, жарықтандыру болмаған. «Nur Otan» фракциясының мүшелері Степняк қаласының әкіміне депутаттық сауал жолдағаннан кейін тиісті қаражат бөлінді. Нәтижесінде, шағын аудан аумағы асфальтталып, көшедегі жарықтандыру шамдары қосылды, сондай-ақ, балалар ойын алаңы салынды және басқа да жұмыстар атқарылды.

Еске сала кетейік, тұрғындар өздерін мазалаған мәселелері бойынша «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуына болады:

  1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
  2. WhatsАpp: 8 700 800 4441
  3. E-mail: komek@nurotan.kz

Қабылдауға жазылу кездесу өткізілетін күнге дейін кемінде 3 күнтізбелік күн бұрын жүзеге асырылады.

Сонымен бірге партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің базасында отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «111 шұғыл қызметі» арнайы байланыс орталығы жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары