$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.12.2021, 22:47
Қоғам

Зейнетақы шотындағы ақшаны алуға үш күнде 46 мың өтініш түскен

Сарапшылар Жаңа жылдан бастап жеткілік шегінің көтерілуі ипотекаға үй алушылардың қатарын азайтады дейді

Соңғы үш күн ішінде, зейнетақы қорындағы ақшаны алуға 46 мың өтініш түскен. Мамандар бұл жыл басынан бері жолданған өтініштердің рекордтық көрсеткіші дейді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy  «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

43 мыңнан аса өтініш бойынша, азаматтар қазір 242 млрд теңгенің есепшотқа түскенін күтіп отыр. Банктің мәліметінше, халық ақшасын үй алып, ипотекалық қарызды жабумен бірге, туыстарының есеп-шотына жаппай аударып жатыр. Сарапшылар Жаңа жылдан бастап жеткілік шегінің көтерілуі  ипотекаға үй алушылардың қатарын біршама азайтады деген болжам жасап отыр.

«Көптеген азамат жыл аяғына дейін зейнетақыдағы шекті мөлшерді толықтырып, ипотекалық несиелерін жабамыз немесе ипотекаға өтініш береміз деп күткен еді. Бірақ олардың үміті үзілді. Демек, тиімді ипотекаға сұраныс күрт төмендейді. Зейнетақыдағы жеткілікті деңгей артуына байланысты тұрғын үй нарығында тоқырау басталуы мүмкін деген болжам бар. Бұл ипотекалық дағдарыстың басы деп айтсақ болады», - деді сарапшы Анна Шацкая.

Зейнетақы жинақтарын қаңтардан бері 340 мыңға жуық адам қолданып үлгерген. Олардың дені ипотекаға жүгінбей-ақ баспана алған. Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау облысы мен Алматы қаласы көш бастап тұр. Ал Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары аса белсенділік танытпаған.

Серіктес жаңалықтары