$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.12.2021, 21:17
Қоғам

Ақтөбеде заңсыз еңбекке тарту фактілері көбейді

Тегін жұмыс жасатып қана қоймай, жұмысшыны күштеп ұстайтындар да бар

Ақтөбеде заңсыз еңбекке тарту фактілері көбейді
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбенің мал ұстайтын фермаларында адамды тегін еңбекке жегіп қою жағдайлары жиілеген. Қожайынынан амалын тауып, қашып шыққандар полицияға шағымданады. Алайда маңдай терімен тапқан ақшасын өндіріп алғандар жоқтың қасы, деп хабарлайды Астана арнасы.

Екі жыл бойы біреудің табалдырығында жүріп, малын баққан, бірақ адал ақшасын ала алмаған жандардың бірі – Ресей азаматы Сергей Евсеев. Ол Орынборда тұрған кезінде төлқұжатын жоғалтып алған. Қазақстанға ешбір құжатсыз келген азамат Қобда ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде қой баққан. Екі жылдан бері жалақы көрмепті. Оны даулап бармаған жері жоқ.

«Қожалық басшысы айына 30 мың теңге төлеймін деді. Екі жыл жұмыс істедім. Бір тиын да төлеген жоқ. Күте тұр, ақшам жоқ дей берді. Кейін мені таксиге отырғызып, Ақтөбеге жіберді. Содан бері оны көрген жоқпын», – дейді Сергей Евсеев.

Сергей секілділер көмекке жүгінетін арнайы орталық мамандары соңғы уақытта аймақтағы жеке шаруа қожалықтарда кісі еңбегін қанау оқиғалары көбейгенін айтады. Тегін жұмыс жасатып қана қоймай, жұмысшыны күштеп ұстап отыратын жағдайлар да бар.

Полиция департаментіндегілер биыл адамды заңсыз еңбекке тарту жөнінде жеті арыз түскенін, бірақ тексеріс кезінде ешбірі расталмағанын жеткізді. Жақында «Стоп, трафик» жедел-алдын алу шарасы кезінде тағы да сол Шалқар ауданында бір дерек тіркеліпті. Қазір оны полицейлер тексеріп жатыр.

 «Шалқар ауданының 1974 жылғы азаматы бізге арызданды. Оны 2021 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында 7 ай заңсыз еңбекке қанау фактісі анықталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 128-ші бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – дейді Ақтөбе облыстық криминалды полиция басқармасының жедел уәкілі Арман Нажмадинов.
 

Серіктес жаңалықтары