Семейде 56 көшенің атауы қазақшаланады
Ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияға жолданған
Семейде 56 көше атауы өзгертілмек. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында еліміздің идеология тұрғысынан мән-мағынасы ескірген атауларды ауыстыру мәселесі қаралды. Депутаттардың көпшілігі көше аттарын ауыстыру бастамасын құптады. Енді Герцен, Галетто, Трусов сынды атаулар алынып, орнына Абай жолы, Смағұл Сәдуақасов, Әлейхан Бөкейхан есімдері беріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қалалық ономастикалық комиссия облыстық ведомствоға келесі көше атауларын жаңалау жөнінде ұсыныс жолдады:
- Герцен көшесі - партизан, спорт шебері ҚАБЫШ ОМАРОВ;
- Галетто көшесі – көрнекті ғалым, әдебиеттанушы РЫМҒАЛИ НҰРҒАЛИ;
- Пархоменко көшесі – халық қаһарманы САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ;
- 8-ая Краснознаменная – сәулетші МҰРАТБЕК ЖАНБОЛАТОВ;
- Севастопольская көшесі – Кеңес Одағының батыры МАХМЕТ ҚАЙЫРБАЕВ;
- Кубинская көшесі – журналист ОРАЗАНБАЙ ЕГЕУБАЙҰЛЫ;
- Автодорожная көшесі – жазушы ӘДИ ШӘРІПОВ;
- Фрунзе көшесі – Б. ЖУАСБАЕВ;
- Безымянная көшесі – Кеңес одағының батыры МҰҚТАРБЕК КАРИМОВ;
- Пржевальский көшесі – Кеңес одағының батыры РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ;
- Трусов көшесі – ғалым ӘЗІМБАЙ ЛЕКЕРОВ;
- Волгоградская көшесі – АБАЙ ЖОЛЫ;
- Титов көшесі – жазушы КӘМЕН ОРАЗАЛИН;
- Менжинский көшесі – диктор, халық әртісі ӘНУАРБЕК БАЙЖАНБАЕВ;
- Энгельс көшесі – мемлекет қайраткері СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСОВ;
- Фурманов көшесі – драматург ЖҰМАТ ШАНИН;
- Тельман көшесі – ЖЕЛТОҚСАН;
- Карл Либкнехт көшесі – Желтоқсан көтерілісінің құрбаны СӘБИРА МҰХАМЕДЖАНОВА;
- Затонская көшесі – атақты аяқдопшы СЕРҒАЗЫ РЫМБАЕВ;
- Смоленская көшесі – опера әншісі РОЗА ЖАМАНОВА;
- Новосельская көшесі – ақын ТҰРСЫНХАН ӘБДІРАХМАНОВА;
- Красный Пильщик көшесі – театр және кино актері ӘБІЛҚАСЫМ ЖАҢБЫРБАЕВ;
- Красин көшесі – Кеңес Одағының батыры МҰҚАТАЙ ӘБЕУЛОВ;
- Деповская көшесі – ЕВГЕНИЙ ГАЛКИН;
- Н.Морозов көшесі – Алаш көсемі ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН;
- Коломенская көшесі – еңбек адамы ҚАЙНЫШ МАЖИМОВА;
- Клара Цеткин көшесі – еңбек адамы АКИМ АТМАЧИДИ;
«Тыңдалым нәтижелері бойынша хаттама рәсімделеді. Содан кейін барлық құжаттар облыстық ономастика комиссиясының отырысына жіберіледі. Сондай-ақ, осы мәселелер бойынша түпкілікті шешімді Республикалық ономастикалық комиссия шығаратынын атап өткім келеді», - деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев.