ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.11.2021, 15:32
Қоғам

Асыраушысы мен баспанасынан айырылған жалғызбасты анаға халық үй салып берді

Тілсіз жаудың кесірінен жас отбасының үйі толық жанып кеткен болатын

Асыраушысы мен баспанасынан айырылған жалғызбасты анаға халық үй салып берді
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында шаңырағы өртеніп, асыраушысы мен баспанасынан айырылған жалғызбасты анаға халық үй салып берді, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Қайғылы жағдайды әлеуметтік желіден естіген ел-жұрттан бір аптаның ішінде 6 млн теңге жиналып, құрылыс жұмыстары бір айда аяқталды. Қаңқасы ғана қалған ескі үй кеңейтіліп, қайта салынды. Облыстық «Науан Хазірет» мешітінің ұйытқы болуымен жасалған қайырымды іске жергілікті кәсіпкерлерден бастап тұрғындардың бәрі атсалысты дейді ауыл тұрғындары.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Степногорск қаласына қарасты Байқоныс ауылында тілсіз жаудың кесірінен жас отбасының үйі толық жанып кеткенін айтқан едік. Қызыл жалын отағасы мен бес жасар баланы жалмаған еді. Апаттан аман қалған келіншек пен оның қос бүлдіршінін көпшілік осылай далада қалдырмады.

«Басыма іс түсіп жатқанда қайғымды бөлісіп, көңілімді аулап жатқан халқыма рахмет! Көп-көп рахмет! Алла разы болсын!», – дейді Байқоныс ауылының тұрғыны Ақерке Битан.
 

Серіктес жаңалықтары