$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2021, 07:12
Қоғам

Алданған азаматтар қаржылық пирамида құрған алаяқтар сотының Жетісайда өтуін талап етті

Себебі сан соғып қалғандардың 70 пайызы Жетісай мен Мақтарал ауданының тұрғындары

Алданған азаматтар қаржылық пирамида құрған алаяқтар сотының Жетісайда өтуін талап етті
Фото ашық дереккөзден

2 мыңнан астам адамды тақырға отырғызған «Эволюшн Корпорэйшн» компаниясының 26 мүшесі қазір қамауда отыр. Сот Түркістан қаласында өтіп жатыр екен. Ал алданғандардың 70 пайызы Жетісай мен Мақтарал ауданының тұрғындары. Сондықтан жәбірленушілер сот Жетісай қаласында өтсін деген талап қоюда, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қаржы пирамидасына алданған салымшылардың барлығы аталмыш компанияға 3 миллиард теңгеден астам қаржыларын құйған.

Үш жыл жұмыс істеген «Эволюшн Корпорэйшн» компаниясы бізге ақша салсаңдар еселеп қайтады деп жарнама жасаған. Тіпті дәрілік заттармен айналысамыз, терминалдарымыз бар деп тауарларын Экспоға шығарған соң сеніп едік дейді жиналғандар.

Салымшылардың алды бір миллион  сегіз жүз мың, кейбірі 26 миллион теңге ақша салыпты. Тіпті несие алып ақша құйғандар банк қызметкерлерін де тексерсін дейді. Себебі, Жетісай мен Мақтаралдағы 15 банктің менеджерлері пирамидаға ақша алатындарға ешқандай шектеусіз несие шығарып берген көрінеді.

 «Азаматтарды қолдарынан жетектеп жүріп, банкке апарып үгіттеушілер жеке куәліктерін банктің менеджеріне беріп, кредитті қолма-қол сол жерде өздеріне алып отырған. Яғни, жергілікті жердегі банк филиалдарының қызметкерлері мен компания қызметкерлері арасында ауыз жаластық болған деген күдік бар», - дейді заңгер Айжан Кесебаева.

Серіктес жаңалықтары