$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2021, 06:36
Қоғам

Халықаралық жолдың бойына салынған қоқыс алаңдары үшін жақын маңдағы ауыл тұрғындары шу шығарды

Ал әкімдік бос жер болмағандықтан, қоқыс алаңдары жол бойына салынды деп отыр

Халықаралық жолдың бойына салынған қоқыс алаңдары үшін жақын маңдағы ауыл тұрғындары шу шығарды
24.kz

Жамбыл облысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралінің бойы қоқысқа толды, деп хабарлайды 24.kz. Халықаралық жолдың Тұрар Рысқұлов ауданындағы бөлігіне жергілікті әкімдік қоқыс полигондарын салып тастаған. Оның құрылысына тұрғындар қанша қарсылық білдірсе де, жауаптылар құлақ аспапты. 

Тұрғындардың ашуына тиіп отырған былтыр салынған қоқыс алаңдары. Бір жылға жетпей тоз-тозы шығып кетіпті. Темір қоршауы ұрланып, бағандары ғана қалған. Төгілген тұрмыстық қалдықтар жел тұрған сайын көтеріліп жолдың жиегі мен егіс алқаптары ластанып барады.

 Ауыл тұрғындары әкімдік егіс алқабын күл-қоқыс алаңына айландырғанына наразы. Олар науқан кезінде егінге желмен шоқ түсіп өртеніп кете ме деп қорқады. 

Дәл осындай қоқыс алаңдары жолдың бойындағы Малдыбай ауылының тұсына да салынған. Құрылыс кезінде ауыл ақсақалдарынан бастап 100 шақты тұрғын қарсылық білдіріп, аудандық әкімдікке тоқтату жөнінде өтініш жазып өткізген. «Алайда ешкім бізді елемеді» дейді ауылдық ағайын. Ал аудандық әкімдік бұл ауылдық округте бос орынның жоқтығын алға тартып отыр.

Жалпы Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша осындай 14 күл-қоқыс тастайын орын белгіленіп жасалған. Олардың әрқайсысына аудандық бюджеттен 3-3,5 миллион теңге жұмсалған. Қазір осыншама қаржыға істелген қоқыс алаңының сиқы қазір мынадай. Темірі ұрланып, қоқысы шашылып жатыр. 

 

Серіктес жаңалықтары