$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.11.2021, 21:37
Қоғам

Түркістанда кісі қолынан қаза тапқан кәсіпкердің туыстары Президенттен көмек сұрайды

Марқұмның жақындары айыптылар жазадан құтылып кетуі мүмкін деп отыр

Түркістанда кісі қолынан қаза тапқан кәсіпкердің туыстары Президенттен көмек сұрайды
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында азаптап өлтірілген 35 жастағы кәсіпкердің жақындары кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп қауіптеніп отыр. Сондықтан олар қылмыстық істі Мемлекет басшысының өз назарына алуын сұрайды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Олардың айтуынша, қазіргі уақытта топпен жасалған қылмыс үшін бір ғана адам қамалған. Оның өзі жүйке жүйесінде ауытқуы бар деген қағазды жасатып алған көрінеді.

Марқұм Фарухжан Абдикадировты бір адам ұрып өлтірді дегенге туыстары еш сенбейді.   Ұлынан айрылған отбасы бір үйдің төрт адамынан күдіктенеді. Әкесі мен балалары жазады дейді. Күдікті кісі өлтіргенін полицияға өзі айтыпты. Масаң күйдегі азамат жолшыбай алдынан шыққандарға да онысын жар сала барыпты. Куәгерлер бар.

Марқұм Фарух Абдикаримов Қарабұлақтағы ет саудасымен айналысыпты. Сол күндері қолында 15 млн теңгедей ақшасы болған деп отыр ет жақындары. 3 тамыз күні бір сағатта ораламын деп шығып кеткенде де қолында қомақты ақша болды дейді анасы. Қамаудағы күдіктімен бірге кеткен деп отыр.

Туыстары қамауға алынған күдіктінің өздеріне бұрын күйеу болғанын айтады. Оның жүйке жүйесіне қатысты медициналық анықтамасының жалған екенін бәріміз білеміз деді. Сол қағазымен жазадан сытылып кетеді ме деп уайымдайды.  

Қаралы отбасы кінәлілердің бәрі қамалып, әділ жазасын беруді сұрайды. Олар ел Президентінен көмек сұрады. Белгілі болғанындай, аса ауыр қылмысты Түркістан облысының прокуратурасы қарап жатыр. Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі яғни «Адам өлтіру» бабымен тергелуде. Бұдан өзге ақпарат әзірге айтылмады. Прокуратураның өкілі жәбірленуші тараптың талап-тілегін өздеріне жазбаша түрде жеткізуді сұрайды.

 

Серіктес жаңалықтары