$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.11.2021, 20:49
Қоғам

Пенжімдегі төбелес ұлтаралық негізде туындаған

«Уақытында қабылданған шаралар ұлтаралық алауыздықты болдырмауға мүмкіндік берді»

Пенжімдегі төбелес ұлтаралық негізде туындаған
Фото ашық дереккөзден

Пенжімде оқушылар арасында болған жаппай төбелес ұлтаралық негізде туындаған. Бұл туралы ҚР ІІМ полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының бастығы Әсет Оспанов айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстан Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Пенжімдегі оқиға талқыланды.

Жиында ҚР ІІМ полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының бастығы Әсет Оспанов: "Мектеп оқушылар арасындағы болған қақтығыстар ұлтаралық негізде болған. Қазан айында ғана мұндай фактілер БҚО-да орын алса, жуырда Алматы облысы Пенжім ауылында тіркеліп отыр. Төбелес ұлтқа бөлінген 9 бен 10-сынып оқушылары арасында болған. Пенжім ауылындағы төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тез тарап, қоғамның қызу талқысына түсіп үлгерді. Уақытында қабылданған шаралар қақтығыстың алдын алуға және ұлтаралық алауыздықты болдырмауға мүмкіндік берді", - деді

 

 

Серіктес жаңалықтары