30.10.2021, 15:29
Қоғам
Қызылордада 335 млн теңге жымқырып, қымбат көлік пен жиһаз сатып алған шенділер сотталды
Тіпті, олар бренд киімдер үшін де бюджет қаржысын жұмсаған
Фото ашық дереккөзден
Қызылорда облысы Шиелі ауданында балалар лагерінің ыстық тамағына бөлінген ақшаны оңды-солды шашқан шенеуніктер сот үкімімен 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Алты экс-шенеуніктің қылмысы аудандық білім бөлімін құзырлы органдардың тексеруі кезінде әшкере болған.
Құжатта жауаптылар жымқырылған 335 миллион теңге өткен жылы балалардың демалыс лагерінде тынығуларына және ыстық тамаққа жұмсалды деп есеп берген. Бірақ, 2020 жылы пандемияға байланысты демалыс лагерлерінің жұмыс істемегені белгілі болған.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 13:49
«Қаза тапқан бала 4-сыныпта оқитын қыз еді»: Алматыдағы алапат өрттің куәгерлері қорқынышты түнді еске алды