ДДСҰ басшысы: адамзат тоқтата алмайтын қауіпті вирус пайда болады
ДДСҰ жаңа қауіпті вирустың пайда болатынын болжады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адан Гебрейюстің айтуынша, әлемдік қоғамдастық қазіргі пандемиядан сабақ алып, келесіге дайындалуы керек.
Осыған байланысты ол "Үлкен жиырмалық" кездесуіне қатысушыларды пандемияға дайындық және оларға жауап беру туралы заңды түрде міндеттейтін Халықаралық келісім жасасуға қолдау көрсетуге шақырды. Тиісті шешімді қараша айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының арнайы сессиясында қабылдау жоспарланып отыр.
Бұған дейін ДДСҰ басшысы вакцинациядан басқа, COVID-19-пен күресу үшін тестілеу қарқынын арттыру, вирустың жаңа және қауіпті штамдарының пайда болуын бақылау, жаңа емдеу әдістерін енгізу және қауіпсіздік шараларын, соның ішінде бетперде киюді жалғастыру қажет болады деп мәлімдеді.