$ 501.81  541.5  5.96
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2021, 00:35
Қоғам

Шымкенттегі мектеп стадионының орнына медициналық орталық тұрғызу ісі заңсыз деп танылды

Қызылжар тұрғын үй алабының халқы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінен оң жауап алды

Шымкенттегі мектеп стадионының орнына медициналық орталық тұрғызу ісі заңсыз деп танылды
Фото ашық дереккөзден

 Қазіргі таңда салауатты ұрпақ саулығына арналған алаң сүріліп, аумағы түгел қоршалған, деп хабарлайды 24.kz арнасы. Кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бір ай бұрын бастап қара жерді қазып тастаған. Орнына заманауи аурухана тұрғызбақ екен. Алайда бұл жұмыстар бүгін тоқтап тұр.
Мектеп стадионының медициналық орталыққа берілуін еліміздің Жер ресурстарын басқару комитеті заңсыз деп таныған. Жіті зерделеудің арқасында бұл алаң спорттық бағытта қолданылуы тиіс.
Бұған дейін жергілікті билік өкілдері қызылжарлық ағайынға жаңа емхана қажет екенін хабарлаған еді. Алайда заманауи алып медициналық орталық тұрғызуға бұдан өзге орын таппаған. Ал бұл жолы жауап беруден бас тартты.

Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспектордың мәліметінше, кәсіпкер медициналық орталықтың құрылысын әрі қарай жалғастыра алмайды. Жақын арада сот жерді қайтадан мемлекет балансына қайтаруы тиіс көрінеді.

Серіктес жаңалықтары