Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Таразда әскери қызметкер бірден 6 бала асырап алды

Тараздық балалар үйінің 6 бірдей тәрбиленушісі Жаңа жылды жаңа отбасында қарсы алатын болды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Тараздық әскери қызметкер, аға сержант Бауыржан Исаев пен оның әйелі Ботагөз 4 бала өсіріп отырғанына қарамастан, балалар үйінен 6 бала асырап алу туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жетімсіз Қазақстан» жобасының идеясы туралы Ботагөз теледидардан көріпті. Ерлі-зайыптылар өздерінің төрт баласымен бірге, тағы алты бала бағып алуға бел байлайды. Олардың бұл ойын Бауыржанның бірге тұратын ата-аналары да қолдайды.

Аға сержант Бауыржан Исаев – Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінің механик-жүргізушісі. Жауынгер 15 жыл Қарулы Күштер қатарында абыроймен қызмет етіп, елдің қауіпсіздігі мен қорғанысын нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Әріптестері мен командирлері оны тиянақты әрі жауапкершілігі мол, білікті маман ретінде біледі.

«Үйге жұмыстан келгенімде, бәрі әкелеп алдымнан жүгіріп шығады. Ең кішісі болғандықтан 3 жасар Анжелинаны бірден көтеріп аламын, бір ұлым сырт киімімді шешсе, екіншісі бас киімімді шешіп жатады. Осылайша бәріміз мәре-сәре болып үйге кіреміз», - дейді Бауыржан Исаев.

Қазір Исаевтар отбасы Жаңа жылға дайындалуда. Балалар өлең оқып, анасынан, әкесінен, ата-әжесінен, отбасылық достарынан және Аяз атадан сыйлық алады. Олар өздерін бір отбасының толық мүшелеріндей сезінеді, өйткені оларды ешкім бөліп-жармайы, теңдей жақсы көріп тұрады.