$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.10.2021, 18:32
Қоғам

Алматыда онкологиялық дертке тап болған тұрғындар саны көбейген

Қатерлі ісік ауруына шалдыққандар саны биыл 724 адамға артқан

Алматыда онкологиялық дертке тап болған тұрғындар саны көбейген

Алматыда онкологиялық дертке шалдыққан тұрғындар саны артқан. 9 айдың ішінде қатерлі ісікке шалдыққандардың саны айтарлықтай көбейіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Статистикалық деректер бойынша, Алматы қаласында сүт безінің қатерлі ісігі бірінші орында. Одан кейінгі орындарда колоректальды қатерлі ісік, өкпенің қатерлі ісігі, асқазанның қатерлі ісігі мен аналық бездің қауіпті дерті тұр. Ұйқы безінің қатерлі ісігіне шалдыққандар саны да аз емес. Жыл басынан бері онкологиялық орталықта 13 мың пациент емделіп шыққан. Мамандар Ковид-19 инфекциясын жұқтырған пациенттерді тексеру кезінде қатерлі ісікке шалдыққан адамдардың да анықталатынын айтады. Дәрігерлер жазылуы қиын дертке ұшырағандар саны көбейгенмен, емдеу шараларының дұрыс жүргізлуінен өлім-жітімнің көрсеткіші 10%-ға дейін төмендеген деп санайды.

«Соңғы 3 жылдың ішінде тағайындалатын химиялық-таргетті препараттардың сан мөлшері тәжірибе жүзінде 1,5-2 есеге дейін өсті. 2021 жылы онкологиялық аурушаңдығы бар 3317 пациент есепке алынса, былтыр 9 айда  2593 адам есепке алынған. Осы 30 қатерлі ісіктің 5 нозологиясының 55%, яғни, жартысы өлімге әкеп соғады. Өлімнің көрсеткішін бұдан әрі төмендету үшін барлық диагностикалық және емдеу шараларын қатерлі өскіндерден орын алатын өлім-салдар рейтингін басқаратын 5 нозологияны емдеуге белсенді түрде бағыттауымыз қажет», - деді Алматыдағы онкологиялық орталықтың бас дәрігері Нұрсұлтан Ізбағамбетов.

Жалпы әрбір алтыншы пациент Алматы қаласындағы онкологиялық орталықта емделу үшін еліміздің басқа аймақтарынан келеді. Бүгінгі күні өзге облыстардан дертіне шипа іздеп келген 560 пациент ем қабылдап жатыр. Өкінішке қарай, науқастардың әрбір бесіншісі дерті әбден асқынып кеткен соң дәрігерге жүгінеді екен. Өлім санын азайтудың негізгі жолы – тегін скринингтен жыл сайын уақытылы өтіп тұру.

Серіктес жаңалықтары