05.10.2021, 09:20
Қоғам
Астана қар астында қалды: бір тәулікте 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Полиция жүргізушілерге жол ережесін барынша сақтауды, жолға қысқы дөңгелексіз шықпауды ескертті
Tengrinews.kz
Елордада ауа райының күрт бұзылуына байланысты қалалық Полиция департаменті автокөлік жүргізушілерін жолда барынша сақ болуға шақырды. Қалада 4 қазаннан бастап жауған қар жолдарды басып қалған.
ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте қалада 96 жол көлік оқиғасы тіркелген. Полиция жолда тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де барынша сақ болған жөн дейді. Әсіресе, жолдан өтер кезде ұялы телефонмен сөйлеспей, жүгірмей, жол ережелерін сақтау қажет.
Синоптиктер болса алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым аумағында күн суытатынын, солтүстік өңірлерде қар жауып, көктайғақ болатынын ескертіп отыр.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды