$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.09.2021, 11:04
Қоғам

Қазақстанның төрт өңірінде коронавирустың Eta штамы анықталды - Алексей Цой

«Нигерия» штамының клиникалық белгілері айтылды

Қазақстанның төрт өңірінде коронавирустың Eta штамы анықталды - Алексей Цой
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында КВИ жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирус инфекциясына генетикалық зерттеу жүргізді.

Секвенирлеу қорытындылары бойынша Қазақстанда 96 үлгіде штамм айналымы белгіленген (Delta «Үнді штаммы» - 57 (59,4%), Alpha «Британдық» - 24 (25%), «Ухань» коронавирусы - 10 (10,4%) және eta «Нигерия» - 5 (5,2%)). Eta «Нигерия» штамының айналымы 4 өңірде айқындалды (Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1).  Бұл туралы Денсаулық сақтау министр Алексей Цой мәлімдеді.

«Eta» штамының пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша Eta штамы әлемнің 77 елінде бөлінген, ДДҰ санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штамдардың қатарына жатады.

Клиникалық белгілері - Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты.

Серіктес жаңалықтары