Дүниежүзіндегі барлық вирусты жинаса 0,5 литрлік құтыға сыяды – QazVac вакцинасын жасап шығарған ғалым
Күнсұлу Закарья аталған вакцинаның қалай әзірленгенін айтты
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, ғалым, QazVac отандық вакцинаны әзірлеуші ғалымдар тобының жетекшісі Күнсұлу Закарья «Әйел әлемі» жаңа жобасына сұхбат берді.
Күнсұлу Закарья бағдарламада отандық вакцинаны жасап шығаруда кездескен кедергілер мен қиындықтар туралы, жобаны Мемлекет басшысының алдында қорғап, содан кейін барып 1,5 айдың ішінде қолданысқа енгізілгені туралы әңгімеледі. Қазір қазақстандық вакцинаға 12 мемлекет өтініш беріп, ресми хат жолдаған.
Күнделікті жұмыс күнін Әнұранмен бастайтын ғалым институттың алдағы атқарылар жоспарларымын бөлісті.
QazVac отандық вакцинасы әірленген Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты – Қазақстанда және Орта Азияда салынған ең алғашқы лаборатория.