$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.09.2021, 13:26
Қоғам

Атырауда 11 млн теңге жымқырған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Күдіктілердің бұрын тоналған ЖШС-да жұмыс істегені анықталды

Атырауда 11 млн теңге жымқырған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Атырауда төлем жүйесіне заңсыз кіру арқылы ЖШС-лердің бірінен 11 миллион 170 мың теңгені жымқырған 6 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды azh.kz.

«Күдіктілердің бұрын осы ЖШС-де жұмыс істегені анықталды, олардың біреуі ұсталғанға дейін сол жерде жұмыс істеп, сыбайластарына төлем жүйесіне кіру үшін құпия сөздер ұсынып отырған. Тінту кезінде оның үйінен 6 төлем терминалы мен қосымша перифериялық құрылғылар табылып, тәркіленді», - деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-тармағының 1- және 3-тармақшалары («Аса ірі мөлшерде қылмыстық топ жасаған ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеуде жүргендер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Серіктес жаңалықтары