«Денесінің 85% күйік шалған»: жарылыстан жарақат алған жігітті дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласына жеткізе алмай отыр
Оның жағдайы аса ауыр
![«Денесінің 85% күйік шалған»: жарылыстан жарақат алған жігітті дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласына жеткізе алмай отыр](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2021/09/03/61319a202a5f2249095412.jpeg)
Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан жарақат алған жігіт есін әлі жиған жоқ. Бір аптадан бері ес-түссіз жатқан науқастың жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер оны елордаға санавиациямен де әкете алмай отыр.
Нұр-Сұлтан қаласының №1 қалалық ауруханасы камбустиология бөлімшесінің меңгерушісі Павел Кутляков пен сол аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Валентин Уразалинов Жамбыл облысындағы жарылыстан денесінің 85 пайыз термиялық күйігі диагнозы қойылған пациентке консультациялық көмек көрсету үшін санавиациямен ұшып келді.
Науқас Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр, динамикасы теріс.
«Жағдайдың ауырлығы – бірлескен жарақат аясында СПОН мен интоксикацияға байланысты. Науқас функционалды Клинтрон төсегінде жатыр. Тыныс алуы – интубациялық түтік арқылы ұзартылған Savina өкпені жасанды желдету арқылы. Ультрасүзгілеу компонентімен постдилюция режимінде вено-веноздық гемофильтрация жалғасуда. Күнделікті Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мен Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығының ахуалдық орталығының м.ғ.д. Б.К. Жарқынбаев пен м.ғ.д. Г.Р. Ағыбаевпен 7 телемедицина сеансы өткізілді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Түгелдей күйіп қалған жігітке білікті мамандар осымен үшінші рет санитарлық авиация желісімен келіп, науқасты қараған. Ультрасүзгілеу компонентімен постдиллюция режимінде Вена-веноздық гемофильтрациялау жүргізіліп жатыр. Нұр-Сұлтаннан келген дәрігерлер одан әрі емдеу тактикасы бойынша консилиум өткізді, қосымша ем тағайындады. Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Әбілдаевтың сөзінше, пациенттің хәлі ауыр болғандықтан оны санавиациямен де тасымалдауға мүмкіндік жоқ. Науқас тәулік бойы бақылауда.