$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2021, 16:24
Қоғам

Шымкенттік оқушыларға биыл 20 мың мұғалім сабақ береді

Қаладағы педагогтардың біліктілігін арттыру жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Шымкенттік оқушыларға биыл 20 мың мұғалім сабақ береді
Фото ашық дереккөзден

Шымкент үшінші қала мәртебесін алғалы бері мұнда халықтың санымен қоса мектеп саны да артты. Биыл қыркүйекте шымкенттік оқушыларды барлығы 172 мектеп қабылдайды. Ал, мұнда 20 мыңға жуық мұғалім балаларға сабақ беруге дайын отыр. Олардың біліктілігі қандай және барлығы да «ұстаз» деген мәртебеге лайықты ма? Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева айтып берді.

Бүгінгі таңда Шымкентте барлығы 19 534 мектеп мұғалімі бар. Олардың 17 880-і мемлекеттік мектепте жұмыс істесе, қалған 764-і жекеменшік мектептерде білім береді. Басқарма басшысының сөзінше, ұстаздардың біліктілігін арттырып, балаларға сапалы білім беру үшін қажетті жұмыстар үздіксіз атқарылып келеді.

БИЫЛ 2080 ОҚЫТУШЫ ҰБТ ТАПСЫРАДЫ

«Жоспарға сәйкес, 2021 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың 190 педагогы (тәрбиеші-165, меңгеруші-25) қайта даярлау курсынан өткізіліп, қаладағы 524 мемлекеттік балабақшалардағы 4 225 педагогтың ішінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі бары 2 886 (68,3%) құрап отыр.

Қазіргі таңда, қаладағы мемлекеттік мектептердегі педагогтардың жалпы саны – 18 770. Оның ішінде, жалпы орта білім беру ұйымдарында шеберлік деңгейі бар педагогтар саны - 10 503 педагог (55,9%)», - деді Жанат Тәжиева.

2021 жылға біліктілік деңгейі бар педагогтар санын белгіленген көрсеткішке (59,5%-ға) қол жеткізу үшін Ұлттық біліктілік тестілеуден 4 080 педагогты өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 2 657 педагог ҰБТ тапсырған. ҰБТ тапсыру қараша айына дейін жалғасатын болады.

Педагог қызметкерлердің сапалық құрамын арттыру бойынша жыл сайын «Өрлеу» БАҰО Шымкент қаласы филиалында, Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып келеді.

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

2025 жылы 85%-ға жетеді деп күтілуде және педагогтар еңбекақысы 2 есеге ұлғайып, орташа еңбекақы 253 мың теңгені құрайды деп жоспалануда.

Ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ:

  • Педагогтердің біліктілігін арттыру – 5 658
  • Педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыру – 12 000
  • Пән мұғалімдердердің ассоциациясын құру - 17 пән бойынша
  • Кадрлық резерв институтын құру - 186

«Нәтижесінде Республикалық «Үздік педагог» байқауына 21 педагог ұсынылды, қаламыз «Күнделік kz» - республика бойынша екі рет «Алтын түйме» иегері атанылды, Кадрлық резервтің 28 үміткері мекеме басшылығына арналған тест тапсырып шекті балл жинаған. 6 үміткер директор болып тағайындалды, біліктілік деңгейі бар педагогтар үлесі – 61,5 (1553 педагог) жылдың соңына дейін санатын көтереді», - дейді Ж.Тәжиева.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Шымкенттегі білім беру саласында бірқатар проблема бар. Оның негізгісі – орыс тілі пәні мұғалімдерінің тапшылығы. Қала мектептеріне мұндай 106 педагог қажет. Бұл проблеманы шешу үшін Білім басқармасы жергілікті ЖОО-дармен меморандум жасасып, 2020-2025 жылдарға кадр даярлау ісін қолға алады.

Серіктес жаңалықтары