$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2021, 11:44
Қоғам

Білім, ғылым, балалар құқығы – тәуелсіздік жылдарында Білім министрлігі атқарған жұмыс туралы

Елімізде ғалымдар саны артып келеді

Білім, ғылым, балалар құқығы – тәуелсіздік жылдарында Білім министрлігі атқарған жұмыс туралы

Биыл тәуелсіз ел атанғанымызға 30 жыл толады. Осы ретте, ҚР Білім және ғылым министрлігі адами ресурстарды даярлау сапасын арттыру, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің білім саласындағы қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында білім берудің ұлттық моделі қалыптастырылғаны жөнінде мәлімдеді.

Azattyq Rýhy тілшісі тәуелсіздік жылдары білім және ғылым саласында атқарылған жұмыстарға шолу жасайды.

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

Білім беру жүйесін дамытуға бағытталған 6 мемлекеттік бағдарлама іске асырылды. 2019 жылы білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Ең бастысы, Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап беделді рейтингтердің белсенді қатысушысына айналды.

Адамзат дамуының индексі бойынша біздің еліміз соңғы жылдары 16% - ға көтеріліп, адам капиталы өте жоғары елдер тобына кірді.

IMD рейтингісіне сәйкес, «Білім беру» субфакторы бойынша Қазақстан өз позициясын 2009 жылғы 43-орыннан 2019 жылы 26-орынға дейін жақсарттық (+17).

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 1999 жылғы 10,2% - дан 2020 жылы 98,7% - ға дейін 9,6 есеге ұлғайды.

Соңғы 20 жылда мемлекеттің қолдауымен жеке меншік балабақшалардың саны 28 есеге (162-ден 4608 бірлікке дейін) артты.

Дамуында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көп көңіл бөлінеді. 2019 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың 28,1% - ы (1852 бірлік) инклюзивті білім беру үшін жағдай жасады, бұл 2015 жылға (9,1%) қарағанда 19% - ға жоғары.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап Елбасының тапсырмасы бойынша балаларды ерте дамыту бағдарламасы енгізілді. Бұл әлеуметтік дағдылар мен ерте жастағы балалардың (0-3 жас) өз бетінше оқу дағдыларын дамытуды және педагогтар мен ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ

Республикада 7 440 бірлік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 3,4 млн.оқушы оқиды.

4 ауысымды оқытуды жоюға, 3 ауысымды оқытуды қысқартуға, оқушы орындарының тапшылығын және апатты мектептер санын қысқартуға мүмкіндік берген 1 800-ден астам мектеп салынды.

Жаңартылған білім беру мазмұны бар 20 Назарбаев Зияткерлік мектебі (НЗМ) құрылды, олардың тәжірибесі кезең-кезеңімен бүкіл білім беру жүйесіне таралады.

30 жыл ішінде біліктілікті арттыру институттарында курстық дайындықпен, конференциялармен, семинарлармен, вебинарлармен және кәсіби дамудың басқа да нысандарымен 2 миллионнан астам қазақстандық педагог қамтылды.

2020 жылы қосымша ақылар мен үстеме ақылардың ұлғаюын ескере отырып, педагог жалақысының өсуі 45% - дан астамды құрады, ал биылғы қаңтардан бастап тағы 25% - ға ұлғайды. Дене шынықтыру мұғалімдері үйірмелер мен спорт секцияларын жүргізгені үшін қосымша ақы алады. Еңбек демалысы 42 күннен 56 күнге дейін ұлғайтылды.

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

Тәуелсіздік жылдарында республикада балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі халықаралық стандарттарға қол жеткізу жөнінде белгілі бір жұмыс жүргізілді.

2006 жылы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы балалардың құқықтарына қатысты 15 халықаралық құжатты ратификациялады. 2007 жылдан бастап ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық кеңесі (2008 ж.), үкіметтік емес ұйымдар кеңесі (бұдан әрі – ҮЕҰ) (2011 ж., бала мәселелерімен айналысатын 283 ҮЕҰ жұмыс істейді), "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы жөніндегі республикалық кеңес (2013 ж.) жұмыс істейді.

Балалық шақты құқықтық қорғаудың ұлттық заңнамалық базасы қалыптастырылды. Балалардың құқықтарын қорғау саласында 14 заң, ҚР Үкіметінің 200-ден астам қаулысы, 700-ден астам бұйрық қабылданды.

Балалар үйлері қысқаруда. Бес жыл ішінде балалар үйлерінің саны 43 – ке қысқарды және бүгінде жалпы контингенті 23 416 баланы құрайтын 97 балалар үйін құрады (2016 ж. - 27 274 адам).

Мектептердің 100% - ы бейнебақылаумен және 99% - ы жылы дәретханалармен қамтамасыз етілген.

ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ

Тәуелсіздік алған кезде Қазақстанда 61 жоғары оқу орны жұмыс істеді. Бүгінде олардың саны 128 бірлікті құрайды.

 Тәуелсіздік жылдарында 3,2 млн. жоғары білімді кадрлар даярланды. Егер 1991 жылы жоғары білімді мамандарды шығару 42,2 мың адамды құраса, бүгінгі күні – 176,4 мың адам.

QS әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингісіндегі қазақстандық жоғары оқу орындарының саны 5-тен 10-ға дейін өсті. Қазақстандық ЖОО (ҚазҰУ) QS рейтингі бойынша әлемнің топ-200 үздік университеттерінің қатарына кірді.

2011 жылдан бастап елімізде әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орны - Назарбаев Университеті жұмыс істейді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы ҚР Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 қаулысымен бекітілді.

2020 жылы COVID – 19 коронавирустық инфекциясына қарсы отандық вакцина жасалды.

ҒЫЛЫМ

Қазақстанда ғылым 2011 жылы қабылданған "Ғылым туралы" Заңға және 2015 жылы қабылданған "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы"ҚР Заңына сәйкес іске асырылады.

1990-шы жылдары Қазақстанда 289 ғылыми мекеме болды, негізгі ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын қызметкерлердің жалпы саны 50,6 мың адамды құрады.

Бүгінгі күні ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен 384 ұйым айналысады, 22 378 адам, оның ішінде 17 454 маман-зерттеуші жұмыс істейді.

Жыл сайын 6 атаулы сыйлық және 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде талантты жас ғалымдарға - 50 стипендия беріледі. Министрлік жанынан Жас ғалымдар кеңесі құрылды.

Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдардың Scopus деректер базасындағы жарияланымдарының жалпы саны 2011 жылмен салыстырғанда 34 есе (577 – ден 19 879-ға дейін), Web of Science деректер базасында 59 есе (425-тен 25 088-ге дейін) өсті. 

Серіктес жаңалықтары