$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2021, 14:22
Қоғам

«Ы» сыныбының ашылуы: мектептердегі орын тапшылығы қалай шешілмек

Қосшы қаласындағы №2 мектепте бірінші сыныпқа 700 оқушы қабылданды

«Ы» сыныбының ашылуы: мектептердегі орын тапшылығы қалай шешілмек
көрнекі фото: instagram.com/altay_kulginov_official/

Қазақстанда алдағы 4 жыл ішінде жыл сайын 200 мектептен салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Қазақстан халқына жолдауында айтты.

Ал, бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2025 жылы урбанизация мен туу деңгейінің өсуіне байланысты мекептерде қосымша 993 мың орын қажет болуы мүмкін екенін айтты.

Осы ретте, орын тапшылығын болдырмау үшін Қазақстанда 1 мың жаңа мектепті салу 4 негізгі механизм арқылы іске асырылады: мемлекеттік бюджеттен нысаналы құрылыс, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі, жекеменшік мектептер желісін дамыту, модульдік мектептер салу.

Еске салайық, Ақмола облысы білім басқармасының хабарлауынша, биыл Қосшы қаласындағы №2 мектепте бірінші сыныпқа 700 оқушы қабылданды. Соған байланысты мектеп табалдырығын жаңадан аттаған балаларға арнап «Ы» сыныбына дейін ашылған.

Серіктес жаңалықтары