31.08.2021, 14:50
Қоғам
Сібір жарасына байланысты Ақжар ауданы төрт аймаққа бөлінді
Әкімдіктің қаулысы қоғамдық талқылауға шығарылды
фото: martebe.kz
Ақжар ауданында ірі қара мал арасында аса қауіпті сібір жарасы ауруының анықталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының хатына сәйкес, әкімдіктің қаулысы қоғамдық талқылауға шығарылды.
Қаулыға сәйкес, СҚО Ақжар ауданының аумағы мынадай аймақтарға бөлінсін:
- эпизоотия ошағы мен «Ак-Ниет-Агро и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі шалғайдағы бір жайылымды қамтитын эпизоотия ошағының шекарасынан 6 (алты) километр радиустағы қолайсыз аймақ;
- қолайсыз аймақ шекарасынан 3 (үш) километр радиустағы буфер аймағы;
- Ақжар ауданы Новосельск ауылдық округі Горьков ауылы мен «Ак-Ниет-Агро и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі шалғайдағы бір жайылымды қамтитын буфер аймағының шекарасынан 3 (үш) километр радиустағы бақылау аймағы;
- Ақжар ауданы Восход ауылдық округі Восход ауылын, Ұялы ауылдық округі Ұялы ауылын, Май ауылдық округі Май ауылын қамтитын бақылау аймағының шекарасынан тысқары қолайлы аймақ.
Бұған дейіе Azattyq Rýhy тілшісі Солтүстік Қазақстанда сібір жарасының ошағы тіркелгенін, қара малдан күйдіргі ауруын жұқтырған Ақжар ауданына қарасты Горьковское ауылының тұрғыны ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған еді.
Көп оқылған
24.07.2026, 16:40
«Челси» Дастан Сатпаевқа қатысты шешім жариялады
24.07.2026, 11:51
Екі сағатта 75 рет қоңырау шалып, 35 жеріне пышақ сұққан: Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сұмдық мәлімет жария болды
24.07.2026, 13:17
Айбек Дәдебай: «Түркістан облысы тұрғындарының әрбір мәселесі біздің бақылауымызда болады»
24.07.2026, 17:31
«Жағалау күзеті қайда?»: Алакөлде гидроцикл мінген ер адам демалып жүргендерге қауіп төндірді (ВИДЕО)
24.07.2026, 18:10
Елордада бұрынғы жұмыс орнынан миллиондаған теңгенің кабелін алып кеткен күдікті ұсталды (ВИДЕО)
24.07.2026, 23:27
Қытай зымыраны ұшырылған сәтте оған найзағай түсті