ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанда алғаш рет мүгедек жандарға арналған электрарбалар шығарылады

Қазіргі уақытта арбаның алғашқы партиясы сынақтан өтіп жатыр 

«Қазақстан инжиниринг» ҰК-ның еншілес кәсіпорны «Тыныс» зауыты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған электр арбаларын шығара бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ИИДМ сілтеме жасап.

Жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен тиісті меморандумға қол қойылды. Осы ведомствоның тапсырысы бойынша келесі жылы мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектер үшін 1374 дана арбаны өндіру жоспарланып отыр.

«Арбаның жалпы салмағы 70 келіге жетпейді, жүру қашықтығы – 15 шақырым, және 140 келі салмақты көтере алады. Бұл «Тыныс» зауыты конструкторларының жеке туындысы. Қазіргі уақытта өнімнің алғашқы партиясы сынақтан өтіп, оған қолданушылар тарапынан оң пікірлер айтылды», - делінген министрліктің хабарламасында.