Елордада түнгі клубқа барған 22 жасөспірім анықталды
Олардың ата-анасымен бірге түнгі клуб иелері де жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары түнгі сағат 22:40-та «Текила» түнгі клубына барған 22 жасөспірімді (кәмелетке толмаған) анықтап, полицияға жеткізді. Жасөспірімдер досының туған күнін атап өтіп, клубта көңіл көтерген.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме өткізілгеннен кейін ҚР ӘҚБК 442-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін тек ата-аналар ғана емес, сондай-ақ осындай мекемелердің иелері де жауапкершілікке тартылады. Мекеме иесіне қатысты материал жиналып, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органға жіберілді.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ата-аналарға сағат 22:00-ден кейін балалардың үйден тыс жерде бақылаусыз болғаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді, сондай-ақ субъектілерге карантиндік шараларды сақтау туралы ескертеді, бұзушылық болған жағдайда әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданады.