$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.08.2021, 12:54
Қоғам

«Көтерем малға үйір». Маңғыстауда жылқы мен түйе қырылып жатыр

Кенені улауға арнайы қаржы бөлінбейді екен

«Көтерем малға үйір». Маңғыстауда жылқы мен түйе қырылып жатыр
Көрнекі фото

Маңғыстау облысының Боржақты елді мекенінде кене қаптады. Жиырмаға жуық шаруаның қорасынан зиянкестер шығып, мал зардап шегіп жатыр. Шаруалар бұл құрғақшылық пен төрт түлікке жем-шөптің жетіспеушілігінен туындаған жағдай деп отыр, деп хабарлайды КТК.

«Бес ботаның өлген себебі кененің кесірі. Қазір мына жығылғанға жұдырық деп кене де қаптап кетті. Кене ол жердің жамандығынан ғой бұл құрғақшылықтан содан пайда болады. Сосын оның үстіне мына мал да арық  бұлар да бойына инфекция алғыш. Кене де сол арық малға жабысады. Аурудың бәрі малы арық малға жабысады», - дейді шаруа Бердіхан Аленов.

Шаруалардың айтуынша кене көтерем малға үйір болады. Әлеуметтік желіге салынған мына видеода қаптаған кенелердің түйені саууға мұрша бермей жатқанын көруге болады. Ұсақ жәндіктер малдың қанын сорып, түрлі ауру жұқтырып ақыр соңында өлтіріп тынатын көрінеді. Шаруалар кенеден арылу үшін қораларын 2-3 күн сайын улап жатқанын айтып отыр. Бірақ зиянкестің кететін түрі жоқ. Ал ветеринария басқармасындағылар кенеден құтылу үшін малдың қыстап шыққан қорасын уақытылы тазалау керектігін жеткізді. Алайда, кенені улауға арнайы қаржы бөлінбейді екен.

«Кенелеу бұл жаңағы малдың қорасын механикалық тазаламаудан, дезинфекцияламаудан және де әртүрлі этно-экзопаразиттерге қарсы егілмеуінен болатын жағдай. Негізі кенелер көбіне құмды жерде өмір сүреді. Этнопаразиттердің көбеюінің негізгі себебі - ол малды бір орында жыл он екі ай бойы ұстау. Қораны дезинфекцияламау. Дезинфекциялаудың алдында бірінші механикалық тазалау керек», - дейді Маңғыстау облыстық ветеринария басқармасының эпизоотиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Әділет қазтұрғын.  

Серіктес жаңалықтары