$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.08.2021, 17:10
Қоғам

Қазақстандықтардың салық бойынша берешегі 23 млрд теңгеге жетті

МКК салық төленбеген жағдайда берешекті өндіріп алу тәртібі бар екенін еске салды

Қазақстандықтардың салық бойынша берешегі 23 млрд теңгеге жетті
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қазақстандықтардың салық бойынша берешегі 23 миллиард теңгеге жетті, деп хабарланды Мемлекеттік кірістер комитетінен.

Атап айтқанда, көлік салығы бойынша берешектің сомасы 21,5 млрд теңгені құраса, 263 802 адам 1,1 млрд теңгенің мүлік салығын төлемей жүр. Бұдан бөлек, жер салығы бойынша ел тұрғындары бюджетке 261 801 409,5 млн теңгеге қарыз.

Салық берешегінің негізгі сомасы - 282,7 миллион теңге, ал 126,8 миллион теңгесі - өсімпұл.

Комитет мамандары салық төленбеген жағдайда берешекті өндіріп алу тәртібі бар екенін еске салды. Заңға сәйкес, салық немесе әлеуметтік төлем бойынша берешегі бар адамдар банктен есепшот аша алмайды.

Алайда бұл талап бюджеттен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға арналған есепшоттарға, білім беру жинақ салымына арналған арнайы банктік шоттарға қолданылмайды.

«Егер банктік шотты жеке тұлға осы мақсаттар үшін ашса, онда мұндай адамның салық берешегі болса да, банк шот ашудан бас тарта алмайды», - деп хабарлайды.

Бұдан бөлек, Салық кодексі бойынша салық берешегі 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, берешек туралы хабарлама берілген күннен бастап 30 күннің ішінде төленуге тиіс. Өйтпеген жағдайда салық органы арнайы бұйрық шығарып, оны мәжбүрлі түрде өндіру үшін жеке сот орындаушылар палатасына немесе әділет органдарына жібереді.

Серіктес жаңалықтары