10.08.2021, 11:06
Қоғам
Pfizer басында тек жүкті әйелдер мен балалар үшін қолжетімді болады - Алексей Цой
Алдағы аптада ДДСҰ мақұлдаған тағы бір қытай вакцинасы Қазақстанда қолжетімді болмақ
көрнекі фото
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Ошакбаев LIVE» бағдарламасында бірнеше сұраққа жауап беріп, Pfizer вакцинасы Қазақстанда қашан қолжетімді болатыны туралы айтып өтті.
Министрдің айтуынша, Pfizer вакцинасы Қазақстанға жеткізілгенмен, ол барлығына бірдей қолжетімді болмайды. Бастапқыда бұл вакцина жүкті әйелдер мен балалар үшін ғана қолжетімді болмақ.
Сондай-ақ Алексей Цой алдағы аптада ДДСҰ мақұлдаған тағы бір қытай вакцинасы Қазақстанда қолжетімді болатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын 2021 жылдың 4-тоқсанында жеткізуге алдын ала келісімге қол жеткізілгенін хабарлаған еді.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды