$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.08.2021, 11:53
Қоғам

БҒМ оқушылар І тоқсанда қашықтан оқиды деген ақпаратты жоққа шығарды

Оқыту форматы туралы шешімді ВАК қабылдайды

БҒМ оқушылар І тоқсанда қашықтан оқиды деген ақпаратты жоққа шығарды
көрнекі фото

Әлеуметтік желілерде 1-11 сынып оқушылары алдағы оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алатыны туралы ақпарат тарады. Ақпаратта мұндай мәлімдеме Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің аузынан шыққаны айтылған.

БҒМ баспасөз қызметіндегілер желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.

«Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері және өңірлердің бас санитар дәрігерлері қабылдайды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, 23 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес өткізіп, биыл дәстүрлі форматта өтетін жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алу қажет екенін айтты

Серіктес жаңалықтары