Коронавирустың төртінші толқыны: Бекшин Алматыға қатысты жаңа қаулы шығатынын айтты
Бұл қаулы 2-16 тамыз аралығында әрекет етпек

Алматыда 15 маусымда басталған коронавирус инфекциясының төртінші кезеңіне байланысты қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделеніп жатыр, деп мәлімдеді қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қазір Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы дайындалып жатыр. Құжаттың соңғы нұсқасымен алматылықтар ертең кешке, 30 шілдеде таныса алады. Бұл қаулы 2-16 тамыз аралығында әрекет етпек.
«Қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделеніп бара жатыр. Соңғы аптаны алсақ, өткен аптамен салыстырғанда науқастар саны 1,4 есеге көбейді, 5 790-нан 8 393 жағдайға дейін өсті», - деді Бекшин.
Алматы қаласының Бас санитар дәрігерінің айтуынша, тамызда төртінші толқын шарықтап, қыркүйектің басында ауру жұқтырғандар саны азаяды.