29.07.2021, 10:53
Қоғам
Танымал режиссер Болат Атабаев дүниеден өтті
Ол бірер күн Алматыдағы ауруханалардың біріне түскен болатын
Lada.kz
Белгілі режиссер, қоғам белсендісі Болат Атабаев 69 жасында дүние салды. Қаралы хабарды еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі растады.
Бірер күн бұрын Атабаевтың Алматыдағы ауруханалардың біріне жансақтау бөліміне түскені хабарланған еді.
Болат Манашұлы Атабаев Алматы облысы Тентек ауылында туған. Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі. Алматы шет тілдер педагогикалық институтын (1974), Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын (профессор Ә.Мәмбетов пен А.Пашковтың жетекшілігімен) бітірген (1983).
Көп оқылған
12.09.2026, 08:54
Тоқ соқты ма, әлде инсульт па: Атырау облысында медпункт күзетшісі жұмбақ жағдайда көз жұмды
12.09.2026, 20:18
Павлодарда аспаздың қолын қамыр илейтін құрылғы тартып әкетті (ВИДЕО)
12.09.2026, 07:26
Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: бірқатар өңірде жаңбыр жауады