Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 97 адам қайтыс болды

332 пациенттің жағдайы өте ауыр

27 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустан 81, пневмониядан 16 адам көз жұмған. 29 шілдедегі мәлімет бойынша 90 767 адам коронавирус инфекциясынан (88 495 КВИ+ және 2 272 КВИ-) емделіп жатыр.

25 714 пациент стационарда, 65 053 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 573 адамның жағдайы ауыр, 332 пациенттің жағдайы өте ауыр, 154 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

2020 жылдың 13 наурызынан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясымен 60280 адам ауырды, 3676 адам қайтыс болып, 54332 адам аталмыш дерттен жызылып кетті.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Түркістан облысынан басқа өңірлердің бәрі «қызыл» аймақта орналасқан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.