$ 514.93  536.04  5.18
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2021, 16:48
Қоғам

Елордалықтар вакцинаны негізінен сауда орталықтарында көптеп салдырып жатыр

Астаналықтар арасында қандай вакцинаға сұраныс жоғары?

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің эпидемиологиялық ахуалға қатысты қаулыға енгізген өзгерістеріне, сәйкес жұмыскерлер 10 тамызға дейін COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін, ал 1 қыркүйекке дейін екінші компонентін салдырулары тиіс. Олай болмаған жағдайда ПТР-тест тапсыруға міндеттеледі.

Бүгінде қазақстандықтардың басым бөлігі вакцинаны ойын-сауда орталықтарында алып жатыр. Бұл ретте әсіресе өз еркімен келушілердің қарасы қалың.

Қазір Елордада 8 сауда орталығында вакцина салдыру пунктері жұмыс істеп жатыр. Мамандардың айтуынша бұған дейін екпе салдырушылардың саны күніне 200 шақты адамды құраса, қазір 600-ден асып жығылады. Көбінің іздегені Біріккен Араб Әмірлігінде өндірілетін қытайлық Hayat-Vax вакцинасы. Алайда, еске сала кетейік, қазір аталған вакцинаның бірінші компоненті елімізде түгелімен таусылды.

Халықты вакцина салдыруға ынталандыру мақсатында әрбір өңірдің әкімдіктері түрлі жүлделер ойнатуда. Маусым айында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов вакцина алғандар арасында 2 бөлмелі пәтер ұтысқа қойылатынын мәлімдеді. Бұдан бөлек, екпе салдырғандар арасында бағалы ұялы телефондар, дүкендерге жеңілдіктер және автокөлік те ойнатылмақ. Бір қызығы, вакцина алушылар арасында ұтысты көздегендері аз.  

Осы күнге дейін қазақстандықтарға «Спутник V», «Hayat-Vax», «QazVac» және «CoronaVac» вакциналары қолжетімді болды. Жуырда ғана бұлардың қатарына ресейлік бір компонентті «Спутник Лайт» вакцинасы қосылды. Ал өз кезегінде дәрігерлер аталған екпелердің бір-бірінен аса айырмашылығы жоқтығын айтты.

Серіктес жаңалықтары