20.12.2019, 21:56
Қоғам
Самат Смақов «Ақтөбе» клубының басшысы қызметінен кетті
Клуб қайтадан мемлекет меншігіне өткен
«Ақтөбе» футбол клубы Самат Смақовтың бас директоры қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Клубтың басқарма төрағасы болып Артур Смағұлов, ал оның орынбасары әрі бас менеджері болып бұрын «Атырауда» қызмет еткен серб Горан Велькович тағайындалды.
Сондай-ақ Смақовпен сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған. Сөйтіп, клуб қайтадан мемлекет меншігіне өткен.
Самат Смақовқа «Ақтөбе» сенім шарты 2018 жылы қарашада жеті жылға берілген. Келісім бойынша, ол клубты балалар мен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысуды қамтамасыз етіп, кредиторлық қарызды төлеп және жастар футболын дамытуы қажет болған.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды