$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2021, 09:29
Қоғам

Бес миллионнан астам қазақстандық коронавирус вакцинасын алды

II компонентін салдырғандар саны 3 млн-ға жуықтады

Бес миллионнан астам қазақстандық коронавирус вакцинасын алды
көрнекі фото

21 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның I компонентін 5 009 408 адам, II компонентін 2 992 214 адам салдырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзге дейін Қазақстанда 10 млн адамды вакцинациялау жоспарланып отырғанын айтты. Министрдің айтуынша, еліміздегі медицина қызметкерлерінің 90%-дан астамы вакцина алған.

22 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Серіктес жаңалықтары