$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.09.2019, 18:56
Қоғам

Алматыда 9 айда 5326 отбасы ажырасқан

Ажырасуға негізінен жұмыссыздық пен ішімдікке салыну себеп болады

Алматыда 9 айда 5326 отбасы ажырасқан

Алматыда ажырасу көрсеткіші биыл күрт артқан деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық Әділет департаментіне сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері 5,3 мыңнан астам отбасының шаңырағы шайқалыпты.

Ажырасып жатқандардың басым бөлігі 30 бен 50 жас аралығындағы азаматтар. Ал, отау құрғандар саны биылғы 9 айда 12 517 жұпты құраған. Былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,9 пайызға артық.

Алматы қалалық Әділет департаменті Азаматтық хал-актілерін тіркеу және апостильдеуді қамтамасыз ету, бақылау бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарып жатқан Алма Ысқақованың  айтуынша, ажырасуға негізінен жұмыссыздық себеп болады екен.

«Ерлі-зайыптылардың ажырасуына негізінен жұмыссыздық, қаржы тапшылығы және ішімдікке салыну себеп болады. Олардың біразы кейін өзге адаммен отау құрады», - дейді А.Ысқақова.

Айта кетейік, қалада былтырғы 9 айда 4862 жұп ажырасқан болатын.

Серіктес жаңалықтары