$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.12.2019, 05:19
Қоғам

Ақмола облысында биыл 4 мыңға жуық отбасы баспаналы болды

Жыл соңына дейін облыс бойынша тағы он шақты көпқабатты үй пайдалануға беріліп, 1 мыңға жуық отбасы пәтер алу бақытына ие болмақ

Ақмола облысында биыл 4 мыңға жуық отбасы баспаналы болды

Ақмола облысында жыл басынан бері 4 мыңға жуық отбасы баспаналы болды. Бұл биылғы жылға белгіленген меженің 90%-тен астамы орындалды деген сөз. Ал жыл соңына дейін облыс бойынша тағы он шақты көпқабатты үй пайдалануға беріліп, 1 мыңға жуық отбасы пәтер алу бақытына ие болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы, аймақта соңғы жылдары баспана құрылысы қарқын алып келеді. Мәселен, бір ғана «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында кейінгі үш жылдың ішінде 1 млн 300 мың шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылып, осы арқылы 12 мың отбасы қоныс тойын тойлапты. Мемлекеттік бағдарлама аясында жеке үй құрылысы да қарастырылған. Қазір бұл бағытта аудандарда жер телімдерін бөліп, тиісті инфрақұрылымдарды тарту жұмыстары жүріп жатыр дейді мамандар.

«Егер өткен жылы біз 431 жер учаскесіне инженерлік желілерді жеткізсек, биыл 800-ден астам жер қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етіледі. Олар Целиноград ауданы мен Атбасар және Степногорск қалаларының аумағында орналасқан. Салынатын үйлердің барлығы бірдей болады. Ал кезекте тұрған азаматтар ол баспаналарды «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» арқылы ипотекаға ала алады», – дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкіров.

Серіктес жаңалықтары