ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

«Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі – Елбасы» акциясын өткізіп жатыр

Акция жыл соңына дейін жалғасады

«Ел тірегі – Елбасы» қайырымдылық акциясы қысқа ғана уақыт ішінде еліміздегі жомарт жандардың, сондай-ақ өзгенің өміріне немқұрайлы қарамайтын азаматтардың басын біріктірді. Олардың жиған қаражатына биыл наурыз-сәуір айларында аталған акция аясында мыңдаған мұқтаж отбасы азық-түлік түріндегі көмек алды.

«Халық» қайырымдылық қорының Қамқоршылар кеңесінің шешімімен 1 шілдеден бастап Қазақстанның барлық аймағында кезекті рет «Ел тірегі – Елбасы» акциясы басталды. Қолдау 20 000 отбасына көрсетіледі: жалпы сомасы 500 млн. теңгеге 1 млн келіден астам азық-түлік, соның ішінде әр отбасына 50 келіден азық-түлік: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпит беріледі.

Азық-түлік себеттерін Қор бұрын көмек көрсеткен отбасыларына: қиын қаржылық жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балалары бар отбасыларға тарату жоспарланып отыр.

«Акциясға отандастар жұмыла үн қатты. Көп жұмыс істелді, біздің бірлескен күш-жігерімізбен он мыңдаған отбасыына қажетті азық-түлік көмегін көрсете алдық. Бұл біздің мүмкіндігіміздің шегі емес екенін білеміз. «Халық» қорының қайырымдылық акциясы бүкіл 2021 жылы бірнеше рет өткізіледі. Біз еліміздің барлық мүдделі азаматтары мен кәсіпкерлеріне үндеу тастаймыз – ынтымақта болыңыз, шет қалмаңыз, бізге қосылыңыз – «Ел тірегі – Елбасы» акциясын қолдайық. Біз бірге қайырымдылықтың ауқымын арттыра аламыз» - деп хабарланады «Халық» ҚҚ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Динара Кулибаеваның жолдамасында.

Қордың бастамасын еліміздің еріктілері қолдады, олар азық-түлік себеттерін алушыларға мүмкіндігінше тезірек жеткізуді қамтамасыз етеді.