$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.06.2021, 13:12
Қоғам

Қазақстандықтар бір жұмыс орнында көп тұрақтамайды – зерттеу

Жұмысқа тұрғандардан шыққандар саны көп

Қазақстандықтар бір жұмыс орнында көп тұрақтамайды – зерттеу

Қазақстандық LS іскерлік басылымының маусым айында жүргізген зерттеуіне сәйкес, 2021 жылдың I тоқсанында жұмысқа орналасқандардан гөрі жұмыстан шығып кеткендердің саны басым болып шықты.

Басылымның зерттеуі көрсеткендей, биылдың алғашқы үш айында республика бойынша 183,8 мың адам жаңадан жұмысқа қабылданып, өз еркімен немесе басшылықтың қалауымен жұмыстан кеткендер саны 10%-ға артық болып шықты – 202,2 мың адам. Оның ішінде 156,7 мың адам көп тұрақтамайтыны анықталып, қысқартулар мен жұмыс орнының ликвидацияға ұшырауы салдарынан 6,5 мың адам кеткені белгілі болды. Басқа да себептермен жұмыс орнынан шыққандар саны 39 мың адамды құрады.

Негізгі өндіріс салаларында жұмысқа тұрғандардан гөрі босатылғандар 2,2%-ға артық: 37,4 мың адам келіп, 38,3 мыңы кеткен.

Салалар бойынша қарастырсақ, тау-кен өндірісінде 10 мыңға жуық адам жұмысқа орналасқан болса, 38,3 мың қызметкер өтініш жазған. 1,4 мың адам қысқартудың «құрбаны» болған.

Өңдеуші өнеркәсіпте бұл айырмашылық қатты білінбейді. Зерттеу көрсеткендей, қызметінен кеткендер – 20,9 мың адам, ал жаңадан қабылданғандар – 20,7 мың.

Едәуір айырмашылық құрылыс саласында анықталды – 49,2%. Жұмыссыз статусына өткендердің саны 27 мың болса, ал 18,1 мың адам жұмыспен қамтылған.

Көтерме және бөлшек сауда саласында 28,3 мың адам жұмысбасты атанып, аталмыш сала 28,8 мың жұмысшыдан айырылған.

Транспорт және қойма саласында жаңадан қабылданғандардың саны 300 адамға басым болып шықты (12,7 мың). Қызмет көрсету, яғни қонақ күту және тамақтандыру саласына 5,2 мың адам келіп, 8 мың адам кеткен. Ақпарат және байланыс саласында жұмысқа тұрғандар саны 500 адамға аз (3,5 мың). Қаржы және сақтандыру саласында 5,9 мың адам жаңа жұмыс орнына ие болып, 6,5 мың адам келісім-шартын үзген. Жылжымалы мүлік саласында жұмысшы саны 1,5 мыңды құрап, 1,7 мың адамға кеміген. Әкімшілік және басқа да қосалқы қызмет көрсету саласы 7 мың адамға азайған – яғни I тоқсан нәтижесі бойынша 12,8 мың адамды құрап отыр. Ғылым және техникалық салаларда да жұмысқа тұрғандарға қарағанда кетушілердің саны көбірек екен: 5,6 мың адамның орнын тек 4,7 мыңы басқан. Мемлекеттік басқару саласына қызығушылық танытқандар саны 10 мыңға жетпейді, алайда 12 мыңға жуық адам мемлекеттік қызметпен қош айтысқан.

LS басылымы зерттеуіне сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау және өнер саласында жаңа жұмыс орнын иеленгендер саны кеткендерге қарағанда 3 мыңға артық (14,4 мың). Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында жаңадан келгендер саны кеткендермен салыстырған 300 адамға артқан – 19,7 мың. Өнер және ойын-сауық саласына қызығушылық танытқандар 5 мың адам болса, жұмыстан шыққандар саны 2,6 мыңды құрады.

Серіктес жаңалықтары