Талғат Мұсабаев саябақтағы жағдайдан кейін сотқа жүгінуі мүмкін
Оны итпен серуендеп жүрген әйелге қол көтерді деп айыптаған болатын
Талғат Мұсабаевтың заңды өкілі Сұңқар Нұрмағамбетов жуырда БАҚ беттерінде жарияланған мәліметтерге байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оны аутизмге шалдыққан балаға шабуыл жасады деп айыптаған.
«Т.А.Мұсабаевтың саябақта аутизммен ауыратын балаға шабуыл жасағаны туралы БАҚ беттерінде жарияланған ақпаратқа байланысты бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз және бұл жайт заң аясында бағасын алуы қажет деп есептейміз. Талғат Мұсабаевтың тарабы бұл жөнсіз айыптауға құқық қорғау органдары назар аударуы тиіс деп санаймыз», - деді Нұрмағамбетов.
Оның пікірінше, мұндай ақпараттық шабуылды үшінші тарап ұйымдастыруы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін елордалық әйел саябақта өзіне ер адамның қол көтергенін мәлімдеген болатын. Мұнан кейін оның Талғат Мұсабаев екенін таныған.