$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.06.2021, 13:42
Қоғам

Үнді штамы: Алматыда карантин күшейтіле ме

Алматыдлық тұрғындардың бірінен коронавирустың «Дельта» штамы анықталды

Үнді штамы: Алматыда карантин күшейтіле ме
Фото: ашық дереккөзден

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин үнді штамына байланысты қалада жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін екенін айтты. Алматы қаласында жаңа шектеулер енгізу үшін Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын күтіп отыр.

Бекшиннің мәліметінше, қала тұрғындарының 28 пайызы - супер-гипермаркеттерде, 5% - СОСО мен сауда үйлерінде, 3% - азық-түлік сатпайтын дүкендерде жұқтырған.

Қаланың бас санитары Алматы қаласы «жасыл» аймаққа өтуі үшін халыққа эпидемияға қарсы шараларды қатаң сақтау қажет екенін атап өтті.

«Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін белсенді түрде вакцина алыңыз. Көпшілік іс-шараларға, соның ішінде той мен басқа да отбасылық мерекелерге қатыспау әрі ұйымдастырмау керек. Ең бастысы, эпидемиологиялық ахуалдың «қызыл» аймағындағы өңірлерге шықпаған жөн», - деді ол брифингте.

Айта кетейік, Қазақстанда «қызыл» аймаққа енген бір ғана өңір бар - Нұр-Сұлтан қаласы.

Серіктес жаңалықтары