ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

«Үнді» штамы Алматы қаласына да жетті

Толық геномдық зерттеу үшін қосымша уақыт қажет

көрнекі фото

Алматыда коронавирустың «үнді» штамы табылды деген қауіп анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.

«Алдын ала деректер бойынша, оның қала бойынша айналым ықтималдығы анықталды. Толық геномдық зерттеу үшін қосымша уақыт қажет», - деді Байғабылов.

22 маусымда өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың «үнді» штамын жұқтырғандарды ауруханаға жатқызу ықтималдығы жоғары екенін айтты. Себебі, бұрын белгілі болған КВИ штаммдарымен салыстырғанда, оның жұғу көрсеткіші 60 пайызға жоғары.

Сондай-ақ, ҚР аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтіп, Нұр-Сұлтан қаласында «Дельта» штамына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты ВАК ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігеріне карантиндік режим бойынша қосымша шаралар қабылдауды ұсынды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин режимін күшейту жөніндегі ұсынысы қолдау тапты.