$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.06.2021, 10:29
Қоғам

Коронавирус матрицасы: «қызыл» аймақта - бір қала, «сары» аймақта - 6 өңір

Қазақстанда 21 449 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

Коронавирус матрицасы: «қызыл» аймақта - бір қала, «сары» аймақта - 6 өңір
Коллаж

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

23 маусымдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта бір ғана өңір тұр - Нұр-Сұлтан қаласы.

«Сары» аймақта: Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары.

«Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

23 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 21 449 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 325 пациент стационарда, 15 124 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 413 адамның жағдайы ауыр,
  • 95 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 66 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Серіктес жаңалықтары