$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.06.2021, 10:50
Қоғам

Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Ұйымдастырушылар 3 және 3,5 жылға сотталды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Орал қалаларында сенімді азаматтардың ақшасын тарту бойынша алаяқтық схеманы анықтаған.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өздерін Unique finance шетелдік компаниясының өкілдері ретінде көрсете отырып, халыққа Pepsi, Nike, Microsoft, Ford және BMW сияқты ірі халықаралық компаниялардың бағалы қағаздарына ақша инвестициялауды ұсынған.

Оның орнына салымшыларға салынған соманың 6%-ы, жаңа серіктестің салым сомасының 5%-ы мөлшерінде ай сайынғы пайда уәде етілді. Бұл ретте, ең минималды салым 1000 АҚШ долларын құраған.

Бағалы қағаздардың орнына халыққа жалған акциялар беріліп, олардың қаражатын қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар иеленіп отырған.

Серіктес жаңалықтары